Главная

Үржар ауданында 1 аудандық орталық, 2 ауылдық (Мақаншы, Таскескен), 1 балалар (Мақаншы), 53 мектеп, 1 кәсіптік – техникалық, 1 балалар үйінің кітапханасы жұмыс істейді.

Қызмет бағыты:

- Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани алға басуы мақсатында кітап қорларымызды тиімді пайдалану;

- жаңа технологияларды қолдана отырып, пайдалануылардың ақпараттық кажеттілігін барынша қанағаттандыру;

- кітапханалық, анықтама-библиографиялық және ақпараттық қызмет өрісін кеңейту;

- аудан кітапханаларына әдістемелік, кеңестік көмек көрсету.

 

Кітапхананың бақылау көрсеткіштері 

- оқырман саны - 6585  адам.

- кітап берілімі - 109167 дана

- кітап қорының құрамы   153564 дана

- аудан кітапханаларына жылына 2 мың данадан аса кітап түседі.

- аудан кітапханалары 40 – тан аса мерзімді баспасөз жаздырып алады.

 

Кітапханалардың көпшілік іс-шаралары, қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеуге, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуге,
Адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеуге, оқушылар мен студенттерге оқу бағдарламасын меңгеруге тәжірибелік көмек көрсетуге, жергілікті халықтың бос уақыттарының парасатты, тиімді ұйымдастырылуы үшін бағытталған.

Негізінен кітап қоры, Шығыс Қазақстан облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхана арқылы, кітап баспалары сыйға тартқан кітаптармен толықтырылып отырады.

Мектеп бағдарламасы, өзекті мәселелер және жиі сұранымға түсетін сұрақтар бойынша, тақырыптық жинақ папкалары көркемделген:

Қазақстан Республикасы рәміздері;

Есірткі – қазіргі заман кеселі;

Тілге құрмет – елге құрмет;

Астана – жаңа қала;

Наурыз - халық мейрамы;

Дені саудың – жаны сау және т.б.

 

Келіңіздер, көріңіздер!

Жаңартылды (19.06.2010 06:05)

 
Баннеры
logo_r
names3
logo_new
assoc3